» » Жастарды жігерлендірген жиын

Жастарды жігерлендірген жиын

qarmaqshy-tany.kz АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ӨҢІР ЖАСТАРЫНЫҢ ОЗЫҚ ЖОБАЛАРЫ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ОҚУ-ЖИЫНЫ ӨТТІ. ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨТКЕН «ҚУАТТЫ ҚАЗАҚСТАН ИДЕЯСЫ – ЖАСТАРДЫ ЖІГЕРЛЕНДІРУ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ІС-ШАРАҒА АУДАНДАҒЫ А.ЖАНПЕЙІСОВ АТЫНДАҒЫ No105 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ, «ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ», «ПАРАСАТ» ДЕБАТ КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ НҰРПЕРЗЕНТ САЙЛАУОВ АРНАЙЫ ҚАТЫСЫП КЕЛДІ.

Басқосуда қызылордалық белсенді жас ұстаздар тәжірибелерімен алмасып, пікірлерін білдірді. Сондай-ақ аймақтың әр ауданынан жиналған жас мамандар озық жобаларды талқылап, талдау жүргізді.
Іс-шарада түрлі тақырыпта тренингтер өткізіліп, тың да жаңа жоспарлар құрылды. Онда білім беру ұйымдарындағы дебат клубтарының жұмысын үйлестіру, мұғалімдер арасындағы стартап жобаларды жүзеге асыру, өзін-өзі басқару бағыты бойынша идеялар алмасу секілді мәселелер ортаға салынды.
– Үш күнге жоспарланған бағдарлама бойынша тренинг, дебат, шығармашылық сайыстарға қатысу арқылы өзара тәжірибе алмастық. Оқулықтармен жұмыс жасадық. Алдағы кәсіподақтың жұмысына жоспарлар құрып, ұсыныстар айтылды. Ол жақта әр ауданнан көптеген достар таптым. Мұның бәрі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқанның жемісі. Бас-қосуда «Үздік жас ұстаз» деген номинацияға ие болдым. Бұл аталым оқу-жиынының үшкүндік қорытындысы негізінде берілді. Ол бір ғана марапат болды. Соны иеленгеніме өте қуаныштымын. Ауданымның намысын қорғап, абыройын асырдым. Іс-шарада сабақтар көрсетіп, өз өнерімізді паш еттік. Жас мұғалімдерге жақсы мотивация болды деген ойдамын. Біле түссем, үйренсем деген мақсатпен барған едім. Сол мақсатыма жеттім. Алған тәжірибеммен аудан жастарымен бөлісемін. Сабақта қолданатын боламын. Тауы жоқ аймақтан таулы аймаққа барып, тау алып қайтпасақ та, таудай тәжірибе алып қайттық. Маған осындай мүмкіндік берген ата-анама, мектеп басшылығына, аудандық білім бөліміне және облыстық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетіне алғысымды айтқым келеді. Сондай-ақ жас педагогтарды қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуға шақырамын, – дейді үздік жас ұстаз.
С.ДАТ
10 қаңтар 2023 ж. 401 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031