» » Қазақстанда 30 жылдық тәжірибесі бар мұғалімдер тестілеуден босатылды

Қазақстанда 30 жылдық тәжірибесі бар мұғалімдер тестілеуден босатылды

Педагогикалық өтілі 30 және одан да көп жыл болған ұстаздар Ұлттық біліктілік тестін тапсырудан босатылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мұндай педагогтер қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан (портфолио) ғана өтеді.
Сондай-ақ, "педагог-модератор" біліктілік санатына көшу кезінде ескі жүйе бойынша "бірінші", "жоғары" санаттары бар педагогтер Ұлттық біліктілік тестілеуден (ҰБТ) босатылады.
Сонымен қатар, зейнеткерлік жасқа дейін төрт жылдан аспайтын уақыт қалған мұғалімдер аттестациядан босатылады.
Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті мұндай шешім қабылдау кезінде мұғалімдердің ұсыныстары мен тілектері ескерілгенін атап өтті.
"Аттестаттау педагогтердің біліктілік деңгейін айқындау мақсатында өткізілетінін, оның нәтижелері бойынша оларға біліктілік санаттары және жалақының 30-дан 50%-ға дейінгі мөлшерінде ай сайынғы үстемақылар берілетінін немесе расталатынын атап өтемін", – деді комитет басшысы Гүлмира Кәрімова.
06 қаңтар 2023 ж. 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 186
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 833

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031