» » Мұғалімдердің біліктілігін тексеретін тест алынып тастала ма?

Мұғалімдердің біліктілігін тексеретін тест алынып тастала ма?

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов көпжылдық өтілі бар педагогтер неге ұлттық біліктілік тестілеу сынағын тапсыратынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Университет бітірген 32 мың студент тестілеуден өте алмай қалғанын айттым. Олар да бізге ренжіді. «Біз жаңа ғана университеті бітіріп жатырмыз. Біліміміз әлі ескірген жоқ. Неге біздің біліктілігімізді тексерулеріңіз керек?», – деген сұрақ қойды. Біз айтамыз: «Себебі сіздер балалармен жұмыс істейсіздер. Сіздердің білімді, білікті болғандарыңыз маған керек емес, жалпы мемлекетіміз үшін қажет», – деп жауап береміз. Сол сияқты 15 жыл болсын, 10 жыл болсын тәжірибесі бар мұғалімдерге де осы мәселе тиесілі», – деді ведомство басшысы.
Оның сөзінше, мұғалімдерді тестілеу арқылы сынауды олардың біліктілігін жоққа шығару деп қарамау керек.
«Бұл- мұғалімдердің 5 жылда бір рет өзінің құзыреттілігін дәлелдеу үшін бұрыннан келе жатқан үрдіс. Әрі тест мұғалім өз біліктілігіне сай үстемақы алуы үшін тапсырылады. Сондықтан бұл жұмыс жалғасын табады», – деді Аймағамбетов. 
Министр біліктілік тестінен өтпеу маманның мұғалім болып жұмыс істеу құқығын шектемейтінін айтып өтті. 
08 мамыр 2022 ж. 471 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 364
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728