» » Жыл қорытындысы: үздіктер марапат төрінде №277 мектеп-лицейі

Жыл қорытындысы: үздіктер марапат төрінде №277 мектеп-лицейі

qarmaqshy-tany.kz Биылғы барыс жылы жер кіндігі Байқоңыр қаласында орналасқан, «ҚР Үздік 100 мектебі» қатарына енген №277 мектеп-лицейі үшін табысты болды. Оған дәлел - ұстаздарымыз түрлі деңгейдегі байқауларда топ жарып, оқушыларымыз үздіктер қатарынан көрінді. Әсіресе, «Балалар жылы» аясында мектеп-лицей шәкірттерінің қанжығасына өнер, білім, спорт, ғылыми іздену жобалары мен тұлға ретінде дамуға бағыттайтын «Жыл оқушысы-2022» сынды байқауларында жоғары дәрежелі марапаттарды байлауында білім ұйымындағы оқушыға қолайлы атмосфера, заманауи жабдықталған сыныптардың да орны ерекше. Әр пәнді терең үйретуге мүмкіндік беретін оқу бөлмелері қазіргі заман талабына сай жабдықталған. Ерекше атап өтер жаңалығымыз – 2022 жылдың желтоқсан айында мектеп басшысы Тлеугабылова Жұмагүл Қосжанқызының бастауымен мектебімізде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған «Обсерватория» кабинетінің ашылуы – орта білім ұйымы үшін ауыз толтырып айтарлық жетістік деп білеміз. Осы орайда жаһандану мен инновацияның көшінен қалуға болмайтын заманда мектептің заманауи құрылғылармен жабдықталып, ғылыми ізденіс пен ұлттық тәрбиеге жаны жақын ұстаздардың ізденісімен сол құрылғылардың оқушы қызығушылығын арттыру үшін керекке жарап отырғаны – ұжымның жемісті жеңісі болып отыр.
2021-2022 оқу жылында «Үздік идеялар жаршысы» номинациясымен үздік нәтижеге қол жеткізген №277 мектеп-лицейінің басшысы Тлеугабылова Жұмагүл Қосжанқызы күні кеше облыстық білім басқармасы мен кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен жылдың қорытынды кешінде «Озық идеялар мен технологиялар ордасы» номинациясымен марапатталды. Бұл ұжым үшін үлкен мәртебе, ерекше құрмет.
Еліміздің болашағы өскелең ұрпақ тәрбиелеуде, оларға сапалы білім мен рухани құндылықтарды бойына сіңіруде көш ілгері келе жатқан мектеп басшылығы мен барша ұжымға шығармашылық табыс тілейміз.

28 желтоқсан 2022 ж. 698 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 370
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 145

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930