» » "Отан үшін отқа түс – күймейсің”

"Отан үшін отқа түс – күймейсің”


Осы сөздің өзегіне бойласаң көп ақиқат ашы­лады. Отанды қорғау, ең алдымен, ер азаматтардың міндеті. Осы орайда №121 орта мектебінің түлегі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери Колледж студенті Иманзада Данияр Баубекұлы арнайы мектебімізге келіп 9-10-11 сынып оқушыларымен кездесіп, әскери колледждің негізгі міндеті кадеттердің ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған техникалық кәсіптік білім алу екені жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектеп директоры Жұмабаев Болат Мәлікұлына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігің Әскери Колледжі бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басхожаевтың арнайы, Қасиетті Қармақшы топырағынан Отан алдында Антына адал түлектерді тәрбиелеп, үлкен өмірге қанаттандырғаны үшін алғыс хатын табыстады. Мектеп басшысы Болат Мәлікұлы, мектебіміздің түлегі Әскери колледж студенті Данияр Баубекұлына алдағы күндеріне сәттілік тілей отырып, өзіңдей шәкірттермен мектеп ұстаздары мақтан тұтатындығын айтып жылы лебізін білдірді.

28 желтоқсан 2022 ж. 567 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10403)

13 мамыр 2025 ж.

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 748
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031