» » Оқу үшін бағалаудағы кері байланыстың тиімділігі

Оқу үшін бағалаудағы кері байланыстың тиімділігі

qarmaqshy-tany.kz Т.Ізтілеуов атындағы №29 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі ғылыми - әдістемелік кабинеттің желтоқсан айының іс-шара жоспарына сәйкес мұғалімдер арасында "Оқу үшін бағалаудағы кері байланыстың тиімділігі" тақырыбында коучинг өтілді. Коуч: Бастауыш сынып пәні мұғалімі: Тасымова Элеонора Жаппарқызы.
Коучингтің мақсаты:
-Мұғалімдерді кері байланыстың түрлерімен таныстыру және әдістерін ұғындыру.
-Оқушылардың көңіл - күйіне, сабақтағы іс - әрекетке, оқу материалдарына кері байланыс жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.
Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қалай нәтижеге қол жеткізгені туралы ой-пікірін тыңдауға негізделген бағалаудың түрі. Кері байланыс сабақ соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмалардың соңынан жүргізіліп отыруы керек. Кері байланыс үйренудің негізгі құралы деп түсінген дұрыс.
Аталған коучингте мұғалімдер тренингпен бастап, "Көңілді шарлар" әдісі арқылы жылы лебіздерін айтып, кері байланыстың тиімділігі жөнінде "Ойлан, жұптас, бірік" әдісі арқылы постер қорғап, өз ойларымен бөлісті. Оқу үшін бағалаудағы кері байланыстың тиімділігін айтып, кері байланыс оқушылардың оқуын, ал мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға, жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Мұғалімдер аталған тақырыптағы коучингке ойлаудың "Алты қалпағы" бойынша коучингке кері байланыс жасады.
22 желтоқсан 2022 ж. 603 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 074
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 735

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031