» » Көптен күткен қуаныш

Көптен күткен қуаныш

qarmaqshy-tany.kz Ауылдан ақжолтай жаңалық. Жексенбіде Қуаңдария ауылдық округінде көптен күткен 100 орындық жаңа клуб үйі ашылды. Елдің рухани дамуы мен кемелденуі үшін ең маңызды мәдениет саласы екені мәлім.

Мәдени нысанның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов арнайы қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісті. Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келген күнде ел-жұртты мерекемен құттықтап, лебізін жеткізді.
– Уақыт көшімен Сыр елінде серпінді жұмыстар атқарылып, көптеген нысан ел игілігіне берілуде. Осының бәріне тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізіп отырмыз. Сондықтан сіздерді ең алдымен Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Осы мерекеге орай ауылдарыңызда жақсы жаңалық орын алып, жаңа клуб үйі пайдалануға берілуде. Жаңа нысан ауылдағы мәдени шаралардың ұйытқысы болып, өнерлі жастардың өрісін кеңейтеріне сенеміз. Енді сіздер осында келіп түрлі іс-шаралар тамашалайтын боласыздар. Ауыл өнерпаздарының еңбегі еселене берсін, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Мұнан соң ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ешмағамбет Дүйсебаев жаңа клуб үйінің салынуына мұрындық болған облыс, аудан, ауыл әкімдеріне, сондай-ақ ғимарат құрылысын тоқтатпай аяқтаған мердігер мекемеге алғысын жеткізіп, клубтың жұмысына сәттілік тіледі.
«Мәдениет объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасына сәйкес Қуаңдария ауылындағы 100 орындық клуб үйінің құрылысы былтыр басталғанды. Ашық конкурс тәсілімен «Ахат+ГС» ЖШС жеңіп алып, құрылыс жұмысын жүргізді. Серіктестіктің директоры Мырзабай Шалғымбаев құрылыс материалдары бағасының қымбаттауына қарамастан кем-кетігін өз қаржысы есебінен құрылыс жұмысын толық аяқтап, ел игілігіне пайдалануға беріп отыр.
Іс-шарада облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы, Вьетнам соғысының ардагері Иса Бисенов және ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ешмағамбет Дүйсебаев жаңа мәдени ошақтың лентасын қиды. Одан кейін Көшеней Рүстембекұлы атындағы жыраулар үйіне қарасты, Тұрмағамбет ауылындағы «Жи- енбай жырау» үйірмесінің шәкірттерінің өнерін тамашалап, әрі қарай нысанның ішін аралады. Сәулеті келіскен клуб үйінде барлық тиісті жағдайлар жасалған. Көрермен залы, кітапхана, оқырмандар бөлмесі мен әкімшілік бөлмелер қарастырылған. Ал ғимараттың сыртында балалар ойын алаңы тағы бар.
– Ауылдық кітапхана 1965 жылы құрылған. Ол кезде бар жоғы 80 дана кітап болды. Қазіргі таңда 20093 кітап қорымыз болса, жыл көлемінде 125 жаңа кітап қосылды. Кітапханаға келуші 485 оқырманымыз бар. Сонымен қатар жобамен жұмыс істеп жатырмыз. Жобада ауыл ақындарының өлеңдерін әлеуметтік желіге жариялаудамыз. Ауыл азаматтарының демеушілігімен COWORKING орталығы ашылып, оқушылар осында шахмат ойындарын ойнап, кітап оқып демалуда. Жаңа ғимаратта жаңа кітаптармен сусындаған оқырмандарымның қуанышында шек жоқ, – дейді кітапханашы Эльмира Еңсебай.
Салтанатты жиын одан әрі акт залда концерттік бағдарламаға жалғасты. Аудан және ауыл өнерпаздары тұрғындарға ән жырдан шашу шашып думанға бөледі. Осыған дейін көне клуб үйінде түрлі іс-шара тамашалаған ауыл халқы жылы әрі жарық кең залда ән тыңдап, жақсы көңіл күйде болды.
– Ауылымыз жыл өткен сайын жаңа нысандармен жаңаруда. Осының алдында мектеп салынып, балаларымыз жылы жерде білім алса, енді ауыл жұрты жаңа клуб үйіне келіп өнерпаздардың өнерін тамашалайтын болады. Халыққа қуаныш сыйлаған азаматтарға айтар алғысымыз шексіз, – дейді ауыл тұрғыны Ғани Құндақбаев.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
20 желтоқсан 2022 ж. 305 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 526

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 597

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031