» » Жайдарманшылар жарысты

Жайдарманшылар жарысты

qarmaqshy-tany.kz Төретам кенттік клуб үйінің ұйымдастыруымен "Jaidarly Jaidarman" кент әкімінің кубогі үшін жайдарман ойыны өтті. Сайысқа Төретам кенті және Ақай ауылдық округінің білім беру мекемелерінің жастары қатысып, үздіктер анықталды.
– Бар жанарды жаулаған жайдарман ойындарында No269 мектеп құрамасы "Чемпион" атағын жеңіп алып, әкім кубогі мен 30 000 теңгені қанжығасына байлады. Ал, Ақай ауылдық округінің No99 мектебінен келген "Болашақ" жайдарман тобы ІІ орынды еншілеп 20 000 теңге көлемінде сыйлық иеленсе, 10 000 теңге сыйлықты No279 мектептің ”Аэропорт" командасы алып, ІІІ орынға жайғасты. No80 мектеп-гимназиясы мен No85 мектеп құрамалары "Көрермен көзайымы" номинациясын иеленді. Ойында ерекше өнерімен көзге түскен екі үздік ойыншыға 5000 теңгеден сыйлық табысталды.
Қазылар алқасы мен көрермендер ерекше ықыласпен қарсы алған ойындар көптің көңілінен шықты. Сонымен қатар, әкім кубогі үшін талас ойындарын жыл сайын дәстүрге айналдыру жоспары да сөз болды. Көңілді кештен керемет көңіл-күй алған қонақтар командалар мен ұйымдастырушыларға зор алғысын білдіріп тарқасты.
«Қт» ақпарат
17 желтоқсан 2022 ж. 383 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031