» » Өрт қауіпсіздігінің ережелері түсіндірілді

Өрт қауіпсіздігінің ережелері түсіндірілді

qarmaqshy-tany.kz Өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау-маңызды міндет Қармақшы ауданы Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей интернатының тәрбиешісі Э.Қойшыбаеваның ұйымдастыруымен интернат оқушыларына өрт қауіпсіздігінің ережелері түсіндірілді.
Қармақшы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Айбек Тұрғанбаев кездесуге арнайы қатысып, қоғамдағы өрт ережелерімен таныстырды.
Іс-шара барысында өрттің адам өмірі үшін зияндылығы мен зардабы туралы сала мамандары мағлұматтар беріп, арнайы дайындалған бейнероликтер мен слайд көрсетілді.
Қоғамда өрт оқиғалары негізінен тұрғын үй секторларында туындайды.
Осы ретте үйде от жағылып, қыс бойы пайдаланылатын пеш ақаулы болса, онда ол өрттің баспанада орын алуына бірден - бір себепші. Үйдегі пешке аса үлкен жауапкершілікпен қарау керек екені айтылды.
Сонымен бірге жеке тұрғын үйде табиғи газды пайдалану, жатақханада өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау оқушыларға толығымен түсіндіріліп, жағдаяттық сұрақтар бойынша оқушылар пікірлерін білдірді.
Кездесуде оқушылар сала мамандарына өздерінің ойларында жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Кездесуді мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Бертлеуов қорытындылады.
13 желтоқсан 2022 ж. 481 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 308
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 837

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930