» » Жастарға арналған үздік идеялар мен жобалар байқауы басталды

Жастарға арналған үздік идеялар мен жобалар байқауы басталды

Елімізде жастарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік идеялар мен жобалар байқауы басталды. «Әділетті Қазақстан – Жастардың тандауы» акциясы аясында бастау алған байқауда әрбір жас азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз көзқарасын білдіре алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте "Әділдік жолы" РҚБ Қызылорда облыстық филиалының басшысы Ляззат Бақтыбаева баяндады.
Өтінімдер info@adildik.kz электронды мекен-жайына 2023 жылдың 15 қаңтарына дейін қабылданады. Одан кейін байқау комиссиясы еліміздің әр өңіріндегі үздік жұмыстарды таңдап, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
-Озық идеялар эксперименттік пилоттық жобалар ретінде жүзеге асырылады. Әділетті Қазақстан үшін таңдау жасадық. Енді жастардың бұл арманға жетуіне нақты мүмкіндік бар. Әрбір азамат сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге өз үлесін қоса алады,-деді Ляззат Шайзадақызы.
Айта кетейік, байқау ережелерін adildik.kz сайтынан біле аласыздар.

13 желтоқсан 2022 ж. 439 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 315
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 844

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930