» » Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Кез–келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік жетістіктерді жоққа шығарып, ұлттық қауіпсіздікке қауіп–қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтардың бірі осы сыбайлас жемқорлықпен күресу болып табылады.
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылығын нығайтып, азаматтар мен жалпы қоғамның құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін заңға қарсы әрекеттерден қорғау деңгейін көтеруге жол береді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл» ҚР Заңының негізгі қағидаттары заңдылық, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы, жариялылық пен ашықтық, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс–қимыл жасауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы.
Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, бүкіл әлемге еліміздің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылдық. Бүгінде Елбасымыздың көреген саясатының арқасында мемлекетімізідің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс–шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш–жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі дамымауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға болады.

ҚР АШМ ВБжҚК Қармақшы аудандық аумақтық инспекциясы

08 желтоқсан 2022 ж. 623 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031