» » Жемқорлықпен қарсы күресу – әрбір азаматтың міндеті

Жемқорлықпен қарсы күресу – әрбір азаматтың міндеті


     Жемқорлық – жазылмайтын ауру, жоғалмайтын - дерт. Мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттектерін жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады.
 Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс- қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.  Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлық пен  оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту күндегі басты мақсат болып табылады.
      Кез келген  өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күресті ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
      Сыбайлас Жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының борышы деп білу керек.
Қармақшы аудандық сотының
бас маманы маманы
Қ.Есханов
27 қаңтар 2022 ж. 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 865
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30