» » "Қасиетті Қармақшым" қоры іске қосылды

"Қасиетті Қармақшым" қоры іске қосылды

qarmaqshy-tany.kz "Қасиетті Қармақшым" қоры іске қосылды
Ауданымыздың "Қасиетті Қармақшым" атты қоғамдық қорының заңды түрде құрылғанын сүйіншілеп айтқымыз келеді.
Аталған қор ұйымдастырушылық-құқықтық қоғамдық қор формасында құрылтайшыландырылған, мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйымның қызметін реттейді.
Қордың құрылтайшылары – Сақтапберген Медеуов пен Əсем Мерекова.
Қордың мақсаты:
– Қордың негізгі құрылу мақсаты ұлттық мəдениетті, дəстүрлерді қайта жаңғырту, ұлттық бұқаралық жəне халықаралық спорттық шараларды ұйымдастыру жəне өткізу;
– Халықтың саяси көзқарасы мен құқықтық мəдениеттін арттыру;
– Қайырымдылық жəне мəдени-ағарту іс-шараларын ұйымдастыру;
– Тұрғындардың əл-ауқаты мен əлеуметтік-экономикалық мəселелерін шешуге бағытталған азаматтық қоғам институттарына қолдау көрсету;
– Баспанасыз жандарға баспана беру;
– Қордың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған əртүрлі көздерден қаржылар тарту;
– Əлеуметтік осал топтар мен əлеуметтік аз қамтылған азаматтарды ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
– Көгалдандыру жəне "Жасыл ел" жобасы жұмысын ұйымдастыру;
– Жастарға патриоттық тəрбие беру жəне азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған əлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру;
– Мемлекеттік əлеуметтік тапсырыс негізінде халықтың əлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау қызметін мемлекеттік сатып алу;
– Мүмкіндігі шектеулі жандарға жəне тұрмысы төмен отбасыларына əлеуметтік жағынан қолдау мақсатында шаралар ұйымдастыру қызметі;
– Қор Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін жəне Қордың жарғылық мақсаттарына сəйкес келетіндей кəсіпкерлік қызметпен айналыса алады.
01 желтоқсан 2022 ж. 669 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 315
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 844

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930