» » Қармақшы ауданының тұрғындары мен жүргізушілерінің назарына

Қармақшы ауданының тұрғындары мен жүргізушілерінің назарына

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданының полиция бөлімінің Жол және техника инспекциясы тобы сіздерді қыс мезгілі жақындап ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты ауданымыздың автомобиль жолдарында және елді-мекен ішіндегі қауіпті бұрылыстарда, жаяу жүргінші өткелдерімен көше қиылыстарында, автокөлікті аса сақтықпен мұқият жүргізуді және белгіленген жылдамдық режимінен асырмауды сұрайды.
Ауа-райының құбылмалы болуы кезінде тұман, қар, көктайғақ қыс мезгілінде жол апатының бірден бір факторы болып есептеледі. Сол себепті көлік құралының техникалық жағдайына аса мән беру талап етіледі. Атап айтқанда дөңгелектердің қысқы мезгілге сай болмауы және протектор үлгісінің стандартқа сәйкес келмеуі кезінде, көлік құралын басқаруға тиым салынатындығын ескертеді. Сонымен қатар ауа-райының өзгеруі жөнінде ұялы телефондарыңызға хабарлама түскен кезде немесе басқа да бұқаралық ақпарат көздерінен тұман, қар, көк тайғақ дегенді естісеңіз, елді-мекеннен тыс автомобиль жолдарына шығуға шектеу қоюларыңызға кеңес береміз.
Әрбір жүргізуші көлік құралын басқару кезінде жол жүру ережесінің талаптарын сақтай отырып, бар жауапкершілігімен қараса жол апатының алдын алып, өзінің де, өзгенің де өмірін сақтап қалады.
28 қараша 2022 ж. 692 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 876
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 535

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930