» » ІІМ қазақстандық жүргізушілерге жүгінді

ІІМ қазақстандық жүргізушілерге жүгінді

Ішкі істер министрлігінде жол қозғалысы қатысушыларынан ауа-райының қиын жағдайында ерекше мұқият және сақ болуды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Ведомствоның мәліметінше, қыс басталғанда тіркелетін жол-көлік оқиғаларының басты себебі жүргізушілердің жылдамдық режимін, көлік құралдары арасындағы қашықтықты сақтамауы салдарынан болады.
"Қиын ауа - райы жағдайында автокөлікпен жүру жүргізушілерден жолдағы назарды барынша шоғырландыруды, сондай-ақ қысқы кезеңде автомобильді жол және метеорологиялық жағдайларға тиісті дайындауды, дөңгелектерді уақтылы ауыстыруды талап етеді", - деді полицияда.
Бұдан басқа, полицейлер бірқатар өңірлердің тұрғындарына жолға шықпауға және ауа райы мен жолдардың жай-күйі туралы хабарламаларды ескеруге кеңес береді. Мәселен, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында ауа температурасы төмендейді. Түнде бұл өңірлерде -10 градус аяз, кейбір жерде бұрқасын болады. Бірқатар өңірлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшеюі мүмкін.
ІІМ жүргізушілерді жүріс бөлігінде жаяу жүргіншілер пайда болған кезде ерекше сақ және өте мұқият болуға шақырады. Жолда қиын жағдайға тап болған жол қозғалысының барлық қатысушылары тәулік бойы ішкі істер органдарының бөлімшелеріне жүгіне алады. 
15 қараша 2020 ж. 471 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 340
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031