» » Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын

Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданының полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Жұбатқанова Мадина №250 мектеп-лицейінің оқушыларымен «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» атты тақырыпта дөңгелек үстелде кездесіп, түсіндіру шараларын жүргізді.
Мақсаты – оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстау, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, зорлық-зомбылыққа қарсы қарсы заң бар екенін айту, сондай-ақ балаларды адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.
Тақырыпқа сай оқушылар өз ойларында ортаға салып, сала маманына сұрақтарын беріп, тұшымды жауаптарын алды.
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты акция аясында оқушылармен суреттер салынды.
Қармақшы ауданының Полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі
18 қараша 2022 ж. 1 050 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30