» » "Дауысы дәуірмен ұласқан қаламгер"

"Дауысы дәуірмен ұласқан қаламгер"

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылдық кітапхананың "Коворкинг" орталығында Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына орай "Дауысы дәуірмен ұласқан қаламгер" атты тақырыбында әдеби сағат өткізілді. Кітапханашы қазақ әдебиетінің інжу-маржаны, жарық жұлдызы Ғабиден Мұстафиннің ғұмыры жайлы, жазушының еңбектері, шығармалары туралы кеңінен таныстырды.

Ғ.Мұстафин шығармаларының негізгі тақырыбы-өндіріс өмірі мен ауыл тіршілігінің тынысы.
Шығармалары шетел тілдеріне аударылып, 20 ғасырдың басындағы дүрбелең оқиғалар мен қоғамдағы жаңалықты, ел басынан өткерген ауыртпашылықты кеңінен суреттеуімен құнды. Мұнда Ғ.Мұстафин өзі өмір сүрген дәуірдің панорамалық суреттерін жасап, қиыншылықтарды жеңе отырып, ілгері ұмтылған қоғамды, ондағы адамдар қарым-қатынасын көркем бейнелейді. Оның елім деп соққан елжіреген жүрегінен шыққан әрбір туындылары қазақ рухын шабыттандырып қана қоймай, бүгінгі өскелең жас ұрпақ, аға буынға рухани азық пен қайратқа трлы тәлім-тәрбие береді.
Кітапханаға келген оқырмандар жазушының шығармаларымен танысты.

08 қараша 2022 ж. 1 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031