» » Қараша айында ауа райы қандай болады?

Қараша айында ауа райы қандай болады?

«Қазгидрометтің» мәліметінше, қараша айында ауа райы жауын-шашынды болады.
Қараша айының басында циклон Скандинавиядан Ресейдің Еуропалық аумағы (РЕА) арқылы үлкен жылдамдықпен Қазақстан аумағына ауысып, ауа райына ықпал етеді. Республиканың оңтүстігінде әлі де жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстік-батыс, солтүстік, орталығында нөсер жауын жауады. Көктайғақ болады. Жел 15-28 м/с-ке дейін күшейеді.
Қарашаның алғашқы күндерінде ауа температурасы түнде – -5+5°С, күндіз – +1+9°С. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күндіз –+10+18°С.
Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап белсенді циклон шығыс бағытта жылжып, Қазақстан аумағынан кетеді. Бұл циклонның ізінен Қара теңіз аймақтарынан антициклон таралады. Жауын-шашын батыс өңірлерде тоқтайды, онкүндіктің соңында республиканың қалған аумағында да жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы еліміздің солтүстік жартысында түнде -3-13°С-қа дейін, күндіз -5+2°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде -5+2°С-қа дейін, күндіз 0,+8°С-қа дейін біртіндеп төмендейді.
Айдың екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағына Солтүстік теңіз, Батыс және Шығыс Сібір аудандарынан суық ауа массалары келіп, күн құбылмалы болады. Термометр бағаны елдің солтүстік жартысында түнде -17-25°С-қа дейін, күндіз -5-12°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде -10-17°С-қа дейін, күндіз -3-10°С-қа дейін.
Алайда Қазақстан аумағына Атлантика мен Иран аумағынан ауа массасы келіп, күн жылынуы да мүмкін.
aikyn.kz
01 қараша 2022 ж. 536 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 044
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031