» » «Татуласу орталығының» жұмысы түсіндірілді

«Татуласу орталығының» жұмысы түсіндірілді

Республикалық арнайы мониторингтік топ Қызылорда қаласында орналасқан бірқатар халыққа қызмет көрсететін нысандарға барып, қызмет түрлерімен танысты.

Топ құрамында мәжіліс депутаты  Айгүл Соловьева, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жасыл экономика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар комитетінің мүшесі Мұрат Абенов, «Expo&Women» халықаралық ұйымының директоры Салтанат Рахымбекова, қол өнер шебері, этнодизайнер Ырза Тұрсынзада, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы Халықаралық ұйымының қызметкері Архат Қанатбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин, Агенттіктің Мемлекеттік көрсетілген қызметтер департаментінің директоры Мұрат Байсалов, Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов бар.  
2018 жылдың 20 сәуір күні Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында аталған жұмыс тобымен өткен кездесуде Қызылорда қаласында осы жылы республикада бірінші болып ашылуға жоспарланып отырған «Татуласу орталығының» жұмысымен Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі Қаракөз Сарсенбаева таныстырды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының бастамасымен Республикалық Кәсіподақтар федерациясы және Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге өңірлерде «Татуласу орталықтары» құрылады. Онда кәсіби медиаторлар, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылар және басқа да мамандар жұмыс істейді. Олардың міндеті - келіссөз жүргізу, екі жаққа қолайлы, көңілге қонымды шешім іздеу және ұсыну. Татуласудың басты артықшылығы – ол тек дауды реттеп қана қоймай, сонымен бірге қарым-қатынасты сақтап, қалпына келтіреді. Тараптар өз еркімен, саналы түрде ортақ келісімге келеді. Медиаторды әрбір адам өзі таңдаған соң жемқорлыққа да жол берілмейді.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Жоғарғы Сот Төрағасының халыққа оңтайлы осы бастамасын қолдап, «Кәсіподақ үйінде» «Татуласу орталығына» кең, жарық бөлмелерді бөлді. Қазіргі күні Президент әкімшілігінен келісім алынып, жөндеу жүргізу, жиһаз, оргтехника және т.б. жұмысқа қажетті заттарды алу жұмыстары жүргізіп жатыр.
Қаракөз Сарсенбаева мониторингтік топ мүшелеріне Орталықта қаңдай даулар бойынша татуласу процедуралары жүргізілетіндігін, азаматтардың уақыты мен қаражаты үнемделетіндігін, Орталықтың жұмысынан қандай нәтижелер күтілетіндігін айтып өтті.  
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

23 сәуір 2018 ж. 780 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 336
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 108

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930