» » Бас мүфти Астанада АҚШ елшісімен кездесті

Бас мүфти Астанада АҚШ елшісімен кездесті


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі Джордж Кролды өз өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ресми кездесуде Бас мүфти мүфтияттың жұмысы туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның бастамасымен осы жылдың 2 наурызында өткен Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы жайлы сөз болды. ҚМДБ төрағасы халықаралық форумның жоғары деңгейде өткеніне тоқталды.
Басқосуда Астанада әр 3 жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің мақсаты мен дүниежүзі дін көсемдерін ортақ мақсатқа үндеудегі рөлі тілге тиек етілді.
«Бейбітшілік пен бірлікті басты мақсат еткен біздің еліміз әлемдік қауымдастық алдында жер бетінде тыныштық пен ынтымақты орнатуға ұмтылған мемлекет ретінде танылды. Өйткені, біздің дініміз адамзат баласын бейбітшілікке үндейді. Халқымызда «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген нақыл сөз бар. Бірлік орнаған қоғамда дін, ғылым өркендейді», – деді Серікбай қажы Ораз.
Өз кезегінде дипломат уақыт бөліп, ресми қабылдауға мүмкіндік жасаған Бас мүфтиге алғысын жеткізіп, сұрақтарын қойып, емен-жарқын сұхбаттасты.

Бас муфти мәртебелі мейманға қазақ, орыс, ағылшын тілінде жарық көрген «Ұлы дала төсіндегі Ислам» атты кітабын сыйға тартты

Baq.kz
23 сәуір 2018 ж. 1 012 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 304
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 759

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 76

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930