» » Еңбек еткен - мұратқа жеткен

Еңбек еткен - мұратқа жеткен

qarmaqshy-tany.kz Ұстаздықтың сан қилы тарам жолдардан тұратын қиындығы мен қасиеті тұлғалықтың шыңына жетем деуші адамға таптырмас мүмкіндік деп білеміз. Осы ретте әрбір шәкірт тәрбиелеп отырған, мамандығынан нәтиже күтетін мұғалімнің басты педагогикалық ұстанымы болары даусыз. Бұл ұғымның байыбына, түп төркініне үңіле отырып, мұғалімнің білім мен тәрбие берудегі, кәсіби, шығармашылық тұрғысынан дамуындағы ұстанатын негізгі принциптерінің жиынтығын ұтымды игеріп, жетістікке жеткен Байтуреева Акзия Меңдуллаевна мен Казтуганова Гульмира Алдабергеновна сынды ұстаздарымыз деуге толық негіз бар. Педагогика саласындағы ең үлкен мәртебеге ие "Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісінің иегері – Байтуреева Акзия, Казтуганова Гульмира сияқты әріптестеріміздің кәсіби шеберліктері жоғарыда айтылған пікірді айқындай түсері сөзсіз. Бүгін, 15 қазан күні 7-сынып білім алушыларының ұйымдастыруымен "Еңбек еткен - мұратқа жеткен" айдарымен жоғарыда тілге тиек еткен ұстаздарымызбен кездесу болып өтті. Басты мақсат - ұстаздық өмір жолы өнегеге толы, адал еңбегінің арқасында мұратқа жеткен ұстаздарымызды насихаттау.
Кездесу ұстаздардың өткен өміріне шолу, қызықты сәттерді еске алу, шәкірттерінің жетістіктерімен масаттану сияқты ерекше көңіл күйге толы болды. Білім алушылар қойған сұрақтар әріптестерді ерекше толғанта түсті. Кездесу шәкірттер дайындаған ән-күйге ұласты. Бұл кездесу болашақта ұстаздықты таңдар шәкірттерге киелі есімнің қаншалықты маңызды екенін айқындап берді.
17 қазан 2022 ж. 797 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031