Құрылтай
» » Қызылордада өрт-құтқару спорты басталды

Қызылордада өрт-құтқару спорты басталды

Kyzylorda-news.kz. 19-қазан құтқарушылар күні қарсаңында кіл жүйрікте кім жүйрікті анықтайтын өрт-құтқару спорты басталды. 

Аталған шара қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан батырларымызды еске алу мақсатында жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Ұжымдық қарым-қатынас, пен кәсіби шеберлік сынға түсетін жарыста 15 команда бақ сынауда.  
Жарыстың ашылу салтанатында Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Н. Ибрагимов қатысушыларға ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ, гарнизон қызмет бабында қаза болған батырларды  бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Бүгін жарыстың алғашқы күні. Шабылдау сатысымен оқу жаттығу мұнарасының  4 қабатына көтерілу және Жылжымалы сатымен оқу жаттығу мұнарасының 3 қабатына көтерілу бойынша кезеңдері өз мәресіне жетті. 
Қорытынды бойынша Шабылдау сатысымен оқу жаттығу мұнарасының  4 қабатына көтерілу кезеңінде үздік нәтиже көрсеткен №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі 1 орын жеңіп алды. Жүлделі 2 орынды №5 өрт сөндіру бөліміне бұйырса, 3 орын Жаңақорған ауданы №14 өрт сөндіру бөлімі иеленді. 
Жылжымалы сатымен оқу жаттығу мұнарасының 3 қабатына көтерілу кезеңінде бәсекелестерінен озат деп табылған №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі 1 орын, Байқоңыр қаласының №8 өр сөндіру бөлімі-2 орын, 3 орын Жаңақорған ауданы №14 өрт сөндіру бөлімінің командалары лайықты болды. 
Ал ертең ең әсерлі кезең жауынгерлік қанат жаюдан жарыс жалғасын табады. 
14 қазан 2022 ж. 529 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 427
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 938

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031