» » "Алтын күз" спартакиадасы өз мәресіне жетті

"Алтын күз" спартакиадасы өз мәресіне жетті

5-9 қазан аралығында Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде өткен "Алтын күз - 2022" облыстық спартакиадасының қорытындысымен:
Қазалы ауданы 1-орын
Жаңақорған ауданы 2-орын
Жалағаш ауданы 3-орын
Сырдария ауданы 4-орын
Қармақшы ауданы 5-орын
Шиелі ауданы 6-орын
Арал ауданы 7-орын алды.
4 күнге созылған тартысты бәсекеде облысымыздың барлық ауданы түрлі спорттан өз мықтылықтарын дәлелдеді.
Айта кету керек, өңірде ат спорты түрлерінен Жаңақорған ауданына жетер бәсекелес болмады. Ал, алаң иелері Қазалылықтар бір емес, бірнеше спорт түрлерінен топ жарып, лидер атанды.
Жалағаш ауданы спартакиаданың ең алғаш ойынынан бастап үздік үштік қатарынан көрініп келіп, ақырына дейін позициясын бермеді. Ал, Сырдария ауданының спортшылары біраз спорт түрінен озып шыққанымен, ұпай санынан сәл сәттілік жетпей қалды.
Жалпы спартакиада өте қызықты, достық қарым-қатынаста өтті. Осы сынды жарыстар спортшыларды қайрап, бұдан да жоғары нәтижеге жұмыс істеуге талпындырары сөзсіз.
Ендеше, барша жеңімпаз, жүлдегер командаларды шын жүректен құттықтаймыз
"Атын күз-2023" спартакиадасы Шиелі ауданында өтетін болды.


09 қазан 2022 ж. 848 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 075

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930