» » «Оқу мен оқытудағы жаңа әдістер»

«Оқу мен оқытудағы жаңа әдістер»

Қармақшы ауданы Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектепте айлық жоспарға сәйкес әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен «Оқу мен оқытудағы жаңа әдістер» тақырыбында пән мұғалімдері арасында панорамалық сабақтарды көріп,талқылау бойынша отырыс өтті.
Отырыстың мақсаты: Мұғалімдердің дайындаған панорамалық сабақтарын көріп, тыңдау, пікірлесу; Біліктілік арттыру курсынан өтіп келген әріптестермен ой бөлісу; Мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу; Жас мамандарға әдістемелік көмек беру; Ұтымды жұмыстарды ауданға ұсыну;
Жұмыс барысында мектеп психологы Г.Бүркітбаева «Көңілі көтеріңкі ұстаздың-еңбегі де жемісті» тақырыбымен мұғалімдер арасында көңілді тренинг ұйымдастырды. «Күрделі тақырыптар мен пәндік құзыреттілік тақырыбы» бойынша біліктілік арттыру курсынан өткен пән мұғалімдері Г.Сұңғатова, Ж.Сатылғанова өздерінің жаңа идеяларын ортаға салып, жас мамандарға әдістемелік көмек ұсынды.
Пән мұғалімдері Ж.Маханова, Н.Бегалиева, А.Жүсіпбек, Г.Батырбекова, Г.Мусаханова, Л.Бакманова, Г.Мақсатбаевалар өздерінің дайындаған түрлі тақырыптағы баяндамалары мен панорамалық сабақтарын көрсетіп, оқушы шығармашылығын дамытатын түрлі жаңаша әдістерді ұсынды.
Сарапшы топ мүшелері Г.Жақпанова,А.Мадиярова, А.Қайруллаева әріптестер ұсынған жұмыстарға пікір айтып, жоғары баға берді.
Мұғалім мақсаты - әрбір оқушының ойлауына жаңа перспективалар ашады. Сонымен бірге, үнемі ізденуді талап ететін жауапкершілігі мол мамандық екені баршаға аян. Мұғалімдерімізді әрқашан шабыттандырып отыратын мұндай жұмыс түрлері алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз.
30 қыркүйек 2022 ж. 470 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 371
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 147

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930