Әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өткізілді
Аудандық партия филиалының жанынан құрылған әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті. Жиынға кеңес мүшелері ZOOM платформасы арқылы қатысты. Аталған отырыста «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қармақшы ауданы бойынша Жол картасындағы 2022 жылы орындалатын іс-шаралар талқыланды. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Алғаш болып сөз кезегі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі
Ғ.Ақжігітовке берілді. 2022 жылы аудан бойынша 2533 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, ағымдағы жылдың 8 айы қорытындысымен 1377 жаңа жұмыс орындары ашылды немесе жылдық жоспар 54,3 пайызға орындалды. Жыл соңына дейін 100 пайыз орындалады
Жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан саны 3098 жұмыссыз адам (Қармақшы - 2448 адам, Байқоңыр-650 адам). Есепте тұрған жұмыссыз азаматтардың саны – 2699 адам (Қармақшы-2049 адам, Байқоңыр-650 адам), тіркелген жұмыссыздар үлесі 6,2 пайызды құрайды (Қармақшы- 6,0 пайыз, Байқоңыр-3,7 пайыз).
Тұрақты және уақытша жұмысқа 689 адам (Қармақшы-308 адам, Байқоңыр-381 адам) орналастырылды –деді бөлім басшысы.
Келесі болып сөз кезегі аудандық спорт бөлімінің басшысы Н.Мырзабаевқа берілді. Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің 2022 жылға жылдық жұмыс жоспарында барлығы 277 спорттық іс-шара өткізу жоспарланған.Оның бүгінгі күнге дейін 182 спорттық іс шарасы өткізіліп, оған 15578 спортшы қатысты. Партияның «Бақытты отбасы» жобасын іске асыру,отбасының рөлін арттыратын 17 спорттық іс шара бекітіліп бүгінгі күнге дейін 14 іс шарасы өтіп,оған 1246 спортшы қатысқан- деді спорт бөлімінің басшысы.
Жиын соңында қатысушылар арасында ҚР Президентінің халыққа жолдауы талқыланды.