» » Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға жаңа өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға жаңа өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев ҰБТ-ға жаңа өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Руслан Емелбаевтың сөзінше, түлектердің және сарапшылардың пікірін ескере отырып, "Қазақстан тарихы" және "Оқу сауаттылығы" пәндері бойынша өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданған.
“Келесі ҰБТ-дан бастап талапкерлердің білімін терең бағалау мақсатында "Қазақстан тарихы" пәнінің бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы (20 балл) болады: 1-ден 10-ға дейін – бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары, 11-ден 20-ға дейін – контекстке негізделген тапсырмалар (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін). "Оқу сауаттылығы" тест тапсырмаларының саны мен формасы да өзгеріске ұшырайды. Енді талапкерлерге 3 мәтін бойынша 15 тест сұрағы (15 балл) беріледі”, – деп жазды ол Instagram-парақшасында. 
Сонымен қатар тапсырмалардың құрылымы, соның ішінде жауап нұсқаларының санына өзгеріс енгізіледі.
“Бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін азайтылады”, – деп қосты Емелбаев. 
Ұлттық тестілеу орталығы директорының сөзінше, бұл шешім талапкерлерді бағалаудың жоғары объективтілігін қамтамасыз етіп, нақты статистикалық талдау жүргізуге мүмкіндік береді.
08 қыркүйек 2022 ж. 576 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

№2 (10370)

10 қаңтар 2025 ж.

№1(10369)

07 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 289
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031