» » Қазақстандық оқушы ҰБТ-ға телефонын кекстің ішіне жасырып кіргізген

Қазақстандық оқушы ҰБТ-ға телефонын кекстің ішіне жасырып кіргізген

Талапкер ұлттық бірыңғай тестілеуге кіретін кезде телефонын кекстің арасына салып алған. 

Бұл жайында ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram парақшасында жазды.
"Модем және ұялы телефон қосылған тәтті десерт. Креативті тестіленушілер бізді таңғалдырудан жалықпайды. Кезекті суретте Сіздердің назарларыңызға кекстің ішіне тыйым салынған заттарды алып кірген талапкердің шығармашылық жұмысын ұсынамын. Бірақ оның бұл қулығы біздің қырағы бақылаушылардың арқасында жүзеге аспады", - деп жазады орталық директоры.
Сондықтан оған креативті жұмысы үшін "140", ал қаңтар айындағы ҰБТ нәтижесіне "0" деген балл беріледі.
"Құрметті тестіленушілер! Сіздерге ҰБТ-да смартфонға емес, тек өз біліміңізге сенуге кеңес беремін", - дейді Руслан Емелбаев.
13 ақпан 2022 ж. 477 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 073
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 284

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031