» » Сыр елінде жаңа - 1500 орындық мектеп ашылды

Сыр елінде жаңа - 1500 орындық мектеп ашылды

Сыр өңірінде соңғы жылдары жеке мектеп желісі жанданып келеді. Қазірдің өзінде 20 жеке мектеп жұмыс істеуде. Бүгін тағы бір білім ордасы ел игілігіне табысталды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы «BAITEREK SСHOOL» жеке мектебінің ашылу рәсіміне қатысып, оқу процесімен танысты.

Салтанатты іс-шараға зиялы қауым өкілдері, білім саласының ардагерлері, мектеп директорлары қатысты.

Аймақ басшысы адами капиталды дамыту сол арқылы білім саласын жетілдіру – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі екенін атап өтіп, білім ордасын ашуға ниет білдірген жанашыр меценатқа алғысын білдірді.

Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен және «BAITEREK SСHOOL» жеке мектебінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы жылғы Жолдауында білім беру жүйесіне ерекше тоқталып, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Бұл бағытта Сыр өңірінде қарқынды шаралар атқарылатын болады. Биылдың өзінде 4350 орынға арналған 6 мемлекеттік, 3 жеке мектеп пайдалануға берілуде. Алдағы үш жылда аймақта 32 мектеп салынса, оның 12-сі жеке мектеп. Күні кеше Арал ауданында жаңа мектеп, денешынықтыру кешені, жеке балабақша ашылды. Осы мектептен шыққан түлектер Сыр өңірінің атын әлемге танытатын, өзіндік дара қолтаңбасы бар лайықты азамат болып тәрбиеленсін!, - деді Н.Нәлібаев.

Жиында қоғам қайраткері Бақберген Досманбетов мектеп салу игілікті іс екенін айтып, барша оқушыларға сәттілік тіледі. Ал, мектеп құрылтайшысы Шәркүл Иманбердиева әрбір бала лайықты әрі заманауи білім ошағында білім алуға лайықты екенін жеткізіп, ақжарма тілегін арнады.

1500 орындық «BAITEREK SСHOOL» жеке мектебінің жалпы аумағы 8 500 м2 құрайды. Білім ордасында 120 педагог және 30 техникалық қызметкер бар. Бүгінгі күні мектепте 720 оқушы білім алады деп жоспарлануда.

Қызылорда облысының білім басқармасы




06 қыркүйек 2022 ж. 704 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 344
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930