» » Күзге қарай елімізге қант жеткізу жағдайы тұрақталып, баға түседі - АШМ

Күзге қарай елімізге қант жеткізу жағдайы тұрақталып, баға түседі - АШМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі елдегі қант тапшылығы мен бағаға қатысты алдағы уақытқа болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қант тапшылығы мен бағаның өсуі Қазақстанға аталған өнімнің едәуір бөлігін жеткізуші Ресейдің қант экспортына тыйым салуымен байланысты екені белгілі. Жағдайды тұрақтандыру үшін қазақстандық қант зауыттарына 350 мың тонна көлемінде шикі құрақ қантын және құрамында қант бар өнім өндіретін кәсіпорындар үшін дайын қантты үшінші елдерден бажсыз әкелуге квота бекітілді. Үшінші елдерден әкелінетін бажсыз қант отандық нарыққа айтарлықтай көлемде жеткізіліп жатыр. Бұл ішкі нарықтағы жағдайды едәуір тұрақтандырды», - деген министрліктен ресми жауап келді ҚазАқпарат жолдаған сауалға.
Сондай-ақ, министрлік еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі қант зауыттары өнім жинауды бастап, қант өндірісін қайта жандандыратынына сенім артып отыр. Айтуларынша, отандық өндірушілер ішкі нарықты қантпен қамтуда септігін тигізеді.
«Одан бөлек, биыл 1 қыркүйекте Ресейде қант экспортына тыйым салу мерзімі аяқталады. Сонымен қатар биыл көрші елде қант қызылшасы бойынша жақсы өнім болады деп күтілуде. Осы орайда Қазақстанға өткен жылдарға қарағанда артық көлемде Ресей қанты жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Жоғарыда аталған жағдайларды ескере отырып күзге қарай елімізге қант жеткізу жағдайының тұрақталатыны сөзсіз. Сол сияқты нарықтағы ұсыныстың ұлғаюына байланысты баға да объективті түрде төмендейтін болады. Алайда, қазір бағаның қандай болатынын нақты айту мүмкін емес. Өйткені, бағаға көптеген фактор әсер етеді», - дейді ведомстводан.
inform.kz
23 тамыз 2022 ж. 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 364
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728