Құрылтай
» » Қазақстанда қант қосылған сусындар қымбаттайды

Қазақстанда қант қосылған сусындар қымбаттайды

Қазақстанда алкогольсіз сусындар мен шырындар қымбаттайды. Өндірушілер ассоциациясы алдағы уақытта бағаны қайта қарамақшы. Олар өз өнімдерінің құнын қанттың қымбаттауына байланысты өсірмекші, деп хабарлайды КТК арнасы. 

"Өндірушілер өз өнімдерінің бағасын ұстап тұруға тырысуда. Алайда бұл ұзаққа созыла алмайды, себебі негізгі ингредиент – қанттың бағасы өсіп жатыр. Сәйкесінше өндірушілер де тауарларын қымбаттатуға мәжбүр. Шамамен 7-20% аралығында деп ойлаймын. Қазір өндірушілердің көп бөлігі шығынды оңтайландыру жолдарын іздеп жатыр. Сонымен қатар жұмысшылар санын қысқарту да бар", – деді Алкогольсіз ішімдік өндірушілері ассоциациясының президенті Әлия Мамытбаева. 
Қант соңғы үш айда айтарлықтай қымбаттай түскен. EnergyProm сарапшыларының мәліметінше, тек наурыз айында баға 33%-ға, бір жылда екі есеге өскен. 
Көктемнің басында ең қымбат қант Нұр-Сұлтанда сатылған. Мұнда тұтынушылар бір келісі үшін 450 теңге төлеген. Кейінгі орынға Алматы мен Қостанай орналасты. Ал ең арзан қант Тараз қаласында болды. 
Қазір Алматыдағы азық-түлік дүкендерінде қант 500-650 теңгеге сатылып жатыр. Шақпақ қанттың бір қаптамасының құны 1 000 теңгеге дейін жетеді. Сондай-ақ елде қант өндірісі де қысқарған. Отандық зауыттар қаңтар мен наурыз айларының аралығында 51 мың тонна қант өндірген. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 20%-ға аз. 
05 мамыр 2022 ж. 648 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31