» » "Ана сүтімен қоректендірудің маңыздылығы" атты апталық

"Ана сүтімен қоректендірудің маңыздылығы" атты апталық

Мамандардың айтуынша, сүт қоспаларында кездеспейтін 400 түрлі қоректік зат ана сүтінде ғана кездеседі екен. Мысалы, сиыр сүтіне қарағанда емшек сүтінде балаға ең керекті А, Е, Д дәрумендері (витаминдер) көп. Осы және басқа да маңызды кеңестер төңірегінде "Ана сүтімен қоректендірудің маңыздылығы" атты апталық барысында Қармақшы аудандық орталықаурухана ұжымының медицина қызметкерлері семинарға қатысты."Ана мен бала" тақырыбы бойынша әлем жаңалықтарымен танысып, ана сүті жайлы кеңінен мағлұматтар алды.
Семинарды мекеме басшысының емдеу ісі жөніндегі орынбасары А.Жаналиев пен бас дәрігердің "Ана мен бала мәселесі" жөніндегі орынбасары, дәрігер Парида Сарыбаева жүргізсе, жалпы тәжірибелік дәрігер Т.Ибадуллаева баяндама жасап,түсіндірме жұмысын жасады, арнайы слайдты пайдалана отырып тақырыпты кеңінен аша түсті. Қазіргі заманға сай ана сүтімен қоректендіру барысында туындап жатқан түрлі мәселелер мен сурақтарды жиынға қатысушылар ортаға салып, тұщымды жауаптар алды.
06 тамыз 2022 ж. 715 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930