» » Қыркүйекте университет оқытушыларының жалақысы өседі

Қыркүйекте университет оқытушыларының жалақысы өседі

Kyzylorda-news.kz. 2025 жылға дейін шәкіртақыны, оқытушылардың жалақысын, студенттік гранттар санын тұрақты арттыру және ғылымды қаржыландыруды ұлғайту жоспарланды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі ретіндегі қызметін қорытындылаған Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
Ел президентінің тапсырмасы арқасында көтерілген грант құны университеттеріміздегі оқытушылардың жалақысын арттыруға мүмкіндік береді. Сәуір айында жоғары оқу орындарының ректорларына қосымша тапсырма бердік. Осы тапсырмаға сәйкес 2022 жылдың қыркүйегінен бастап университеттеріміздегі оқытушылардың жалақысы тағы да көтерілуі керек, ол үшін қаражат бар, – деп жазды Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Аймағамбетовтің мәлімдеуінше, жоғары оқу орнына жаңадан келген оқытушыға 1 ставка үшін кемінде 200 мың теңге бекітілді. Ал профессордың жалақысының минималды деңгейі 350-400 мың теңге болды. Ал педагогикалық жүктеме деңгейі оқу жылына 680 сағаттан аспайтындай деңгейде бекітілді.
Бұған қоса ол студенттер мен докторанттардың шәкіртақысы өскенін де тілге тиек етті. Яғни докторанттарға берілетін стипендия 3 жыл ішінде 82 мыңнан 200 мыңға жуық соммаға дейін өсті.
28 шілде 2022 ж. 759 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 017
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 632

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031