» » Қазақстандықтар енді барлық жерде жеке куәліктің электрондық нұсқасын қолдана алады

Қазақстандықтар енді барлық жерде жеке куәліктің электрондық нұсқасын қолдана алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ендігі уақытта қазақстандықтар жеке куәліктің электрондық нұсқасын қолдана алады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі цифрлық трансформациялау департаментінің директоры Назгүл Бажаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл 15 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды дамыту, ақпараттық қауіпсіздік және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды. Аталған заң аясында цифрлық құжаттарды қолдану іске қосылды.
Оның қатарында азаматтардың жеке куәлігі де бар. Яғни сіз EGovMobile мобильдік қосымшасы арқылы жеке куәлігіңіздің электронды нұсқасын жүктеп аласыз. Одан әрі QR код арқылы жеке басыңызды растай аласыз»,- деді Назгүл Бажаева «AMANAT» партиясы алаңында өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, бүгінде QR код арқылы жеке куәлікті растау жұмыс істеп тұр. Яғни қазақстандықтар ендігі уақытта жеке куәліктің электронды нұсқасын қолдана алады. «Бұған дейін жеке куәліктің электрондық нұсқасы тек мемлекеттік қызмет алған кезде халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана қолданылған еді. Жаңа заңға сәйкес енді барлық жерде жеке куәлікті QR код арқылы көрсетсе жарап жатыр», - дейді ол.
inform.kz
22 шілде 2022 ж. 563 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 041
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 709

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031