» » 2022-2023 оқу жылына арналған мамандықтар бойынша гранттар тізімі жарияланды

2022-2023 оқу жылына арналған мамандықтар бойынша гранттар тізімі жарияланды

Kyzylorda-news.kz. 2022-2023 оқу жылына арналған білім гранттарды бөлу тізімі жарияланды.
Магистратураға түсуге 13 мыңнан астам грант, ал докторантураға 1800-ден астам грант бөлінген.
2022-2023 оқу жылына арналған мамандықтар бойынша білім беру гранттарының тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған. Бакалавриат бойынша, магистратура және докторантура бойынша гранттар санын көруге болады.
«2022-2023 оқу жылында бакалавриатқа қабылдау үшін министрлік 73 мыңға жуық грант бөлді. Ең көп грантты «Машина жасау, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс индустриясы» білім беру бағдарламалары тобы алды, олардың саны – 17 794. «Педагогикалық ғылымдар» – 10 810 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» – 9 103 грант, «Жаратылыстану, математика және статистика» – 6 288 грант.
Техникалық салаларға ерекше назар аударылды, онда мемлекеттік тапсырыстардың үлесі 60 пайызға дейін ұлғайтылды», – деді Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балалар үшін квоталар саны ұлғайған. Көп балалы немесе толық емес отбасылардың балалары, сондай-ақ отбасында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған үміткерлер грант алу мүмкіндігіне ие болады.
2022 жылы алғаш рет білім беру грантының жаңа түрі пайда болды. Ол бойынша Атырау және Маңғыстау облыстарынан 10 мың талапкерге оқуға мүмкіндік беретін «Халықтың тығыз орналасқан және батыс өңірлерінің жастарының жетекші жоғары оқу орындарында оқуға арналған нысаналы білім гранты» қарастырылған.
«Атырау-Маңғыстау нысанасы» гранты бойынша конкурсқа биыл мектеп түлектері қатыса алады. Алайда олар жалпы конкурсқа, оның ішінде «Серпін» бағдарламасына бір мезгілде қатыса алмайды.
«Білім беру гранттары, оның ішінде «Атырау-Маңғыстау» нысаналы гранты санының артуына байланысты бүгін тізім жарияланды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық гранттардың 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінді. Талапкерлерге берілген ақпарат негізінде дұрыс таңдау жасайды деп сенемін», – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

07 шілде 2022 ж. 1 980 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031