» » Референдумға атсалысқандар марапатталды

Референдумға атсалысқандар марапатталды

«AMANAT» партиясының Қармақшы аудандық филиалының мәжіліс залында Республикалық референдум аясында белсенді қызмет атқарған азаматтар марапатталды.
Өз кезегінде «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Д.Буханов марапат иелерін құттықтады.
-Өздеріңізге мәлім, маусым айында еліміздің келешегі үшін маңызды қадамдардың бірі болды. Еліміз сол қадамды жасау үшін өздеріңізде бір кісідей атсалыстыңыздар. Жалпы референдум жарияланған күннен бастап ауданымызда көптеген іс-шаралар жүзеге асырылды. Аудандық штаб құрылып, жоспарға сай желілік кестелер бекітілді. Ақпараттық түсінік жұмыстары жүргізілді. Аумақтық референдум комиссиясы талапқа сай тиісті жұмыстарын атқарды. Бақылаушыларымыз және партия өкілдері науқанның ашық әрі әділ өтуіне атсалысты. Жүзеге асырылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде, азаматтарымыз ерекше белсенділігін танытып, еліміздің болашағына бей-жай қарамайтындығын көрсетті. Аталмыш көрсеткіштің нәтижесі атсалысқан азаматтардың жетістігі деген ойдамын. Бүгінгі марапат иелеріне зор денсаулық, жаңа жетістіктер тілеймін. Жаңа Қазақстанды бірге құрайық,- деп аудандық филиалдың атқарушы хатшысы алғыс хаттарды табыстады.

24 маусым 2022 ж. 545 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (10494)

10 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 832
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 520

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930