» » Референдум – ел дамуының маңызды кезеңі

Референдум – ел дамуының маңызды кезеңі

Бүгін, 5 маусымда Қазақстанда конституциялық түзетулер бойынша референдум өтіп жатыр. Бұл тарихи кезеңге Қармақшы ауданының тұрғындары да белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда. Ел тағдырын анықтайтын маңызды саяси шараны ақпараттандыру, оның мәні мен мазмұнын көпшілікке жеткізу бойынша «AMANAT» партиясы тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізілді. Осы мақсатта партияның аудандық мәслихат депутаттары, аудандық штаб мүшелері, партияның бастауыш ұйымдары мен жақтастары үгіт-насихат шараларына бір кісідей қатысты. Мұнан бөлек партия тарапынан барлық дауыс беру орындарында арнайы өкілдеріміз қатысып, халық таңдауының заң талаптарына сәйкес өткізілуіне қоғамдық байқау жасауда. Олардың мәлімдеуінше тұрғындардың референдумға қатысу белсенділігі жақсы деңгейде және дауыс беру процесінде заң бұзушылықтар орын алмаған. Бұл бір ай көлемінде ақпараттандыру жұмыстарының жүргізген нәтижесі деп білемін.
Жалпы Ата заңға өзгерістер енгізу бойынша Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған жалпыхалықтық референдум ауданымызда барлық 35 сайлау учаскелерінде заңнамалық талаптарға сәйкес жұмыс жасауда.Ондағы жұмыс таңғы жетіден кешкі 8-ге дейін жалғасады.
Д.Буханов
«AMANAT» партиясы
Қармақшы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы
05 маусым 2022 ж. 464 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 885
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930