» » Еңбек ұжымын оң өзгерістерге үлес қосуға үндеді

Еңбек ұжымын оң өзгерістерге үлес қосуға үндеді

«AMANAT» партиясы жанындағы республикалық штабтың мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғалым Әміреев Қазақтелеком мекемесі ұжымымен кездесу өткізіп, жалпыхалықтық референдум бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді.
Жиында Мәжіліс депутаты еңбек ұжымын ел Президентінің жанына топтасып, Жаңа Қазақстан, Екінші Республика құру идеясын қолдауға және референдумға белсенді қатысуға шақырды.
«Референдум әрбір азаматтың билікке араласуын, биліктің халыққа қызмет етуін, екеуінің арасында алшақтық болмауын негізге алып отыр. Бұл – Үкімет әділ, шынайы әрі ашық болсын деген қағидадан туындаған шешім. Жалпы, елдің өркендеуіне әрқайсымыз үлес қосуымыз керек. Сондықтан алдағы күндері өтетін науқанға біркісідей қатысқандарыңыз абзал.» деді республи¬калық штаб мүшесі Ғ.Әміреев.
Еңбек ұжымымен бас қосуға облыстық штабтың мүшесі Бақдаулет Махашов пен қалалық штабтың мүшелері де қатысып, ел болашағына оң өзгерістер әкелетін бастамаға белсенді қатысуға үндеді.
Кездесу соңында жиналғандар штаб мүшелеріне өз ықылыстарын білдіріп, жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдайтындарын және Жаңа Қазақстан құру жолында мемлекетке үлкен сенім артатындарын жеткізді.
03 маусым 2022 ж. 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 344
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930