» » Қазақстан ғалымдары сүйекті қалпына келтіретін биоматериал әзірледі

Қазақстан ғалымдары сүйекті қалпына келтіретін биоматериал әзірледі

Қазақстан ғалымдары сүйектерді қалпына келтіруге арналған биоматериал-гидроксиапатит әзірледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Білім және ғылым министрлігінің Жану проблемалары институтының ғалымдары жасап шығарған сүйекті алмастыратын материал шетелдік аналогтардан үш есе арзан. Бүгінде отандық компаниялар тауардың алғашқы партиясын сатып алған. Бұл материал сүйек ақауларын қалпына келтіруде, сүйек зақымдалған жараларда, сынықтарда, пластикалық хирургияда, яғни бет сүйектерінің пластикалық хирургиясында және тістерді имплантациялауда қолданылады.
«Биологиялық шикізаттан гидроксиапатит термиялық өңдеу, күйдіру, арнайы химиялық реакциялар жүргізу және посттермиялық күйдіру арқылы алынады. Біздің модификация барлық әдісті алуды жақсарту арқылы уақытты ұлғайту есебінен, жоғары температура режимін таңдау және тағы басқасының есебінен жүзеге асырылады. Нәтижесінде біз жақсартылған кристалдық құрылымы және өнімнің тазалығы жоғары (95%) сапалы материал алдық. Шетелдік компаниялар осындай жоғары сапалы ИАӨ-нің (икемді автоматтандырылған өндіріс) 1 грамын шамамен 32 мың теңгеге сатады. Ал біздің материалдың бағасы 1 грамы үшін 10 мың теңге», – дейді ҚР БҒМ Жану мәселелері институтының ғалымы Зұлқайыр Мансұров.
Қазір химия ғылымдарының докторы, профессор З.А.Мансұров медицина ғылымдарының докторы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚазМҮББУ стоматология кафедрасының профессоры М.А.Темірбаевпен бірлесіп алынған минералды іс жүзінде қолдану жұмыстарын жалғастырып жатыр.
«Гидроксиапатитпен қапталған имплантаттар кері реакция тудырмайды және сау сүйек тінімен белсенді түрде байланысып, регенерация мен оңалту процесін жеделдету қабілетіне ие екенін атап өткен жөн. Біздің отандық жоғары сапалы гидроксиопатит импорттық материалдарды оңай алмастыра алады», – деп түсіндірді Зұлқайыр Мансұров.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша ҚР БҒМ КОКСОН және Scopus индекстелген деректер қорында ғылыми жұмыстар жарияланды. Бұл зерттеу жұмысының сенімділігі мен өзектілігін көрсетеді. Ғылыми жұмыс ҚР БҒМ-ның гранттық қаржыландыруы аясында жүзеге асырылған.
11 мамыр 2022 ж. 450 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 054

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031