Ерлік айтып жасалмайды
Қоғамдағы құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін еліміздегі аса маңызды құрылымдардың бірі – Қазақстан поли-
циясы. Полицейлердің кәсіби біліктілігі мен сертіне беріктігінің арқасында қоғамда тұрақтылық қалыптасып, адамдардың құқық қорғау органдарына сенімі арта түсті. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заңды қабылдаған болатын. Міне бұған да 30 жыл уақыт өтіпті. Осы жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болғандар қазір ардагерлер қатарында. Ішкі істер саласында қызмет етіп, 1994 жылы отставкаға шыққан аға лейтенант Мейрамбек Ермұратовтың есімі қармақшылықтарға етене таныс.
Оның балалық шағы ата-анасының қызметіне байланысты Ақтөбе облысында өткен. Әскерден кейін Ақтөбе терең бұрғылау барлаушылар мекемесінде мұнайшы болып жұмыс істеген. 1970-1972 жылдары Чита қаласында әскери мектепті үздік тәмамдап, Кяхтада әскери полкке аға фельдшер болып жұмысқа орналасады. Аудандық ішкі істер бөліміне жұмысқа 1973 жылы қабылданған. Жиырма жылдан аса ел тыныштығын сақтауға атсалысқан ағамыз бүгінде құрметті зейнет демалысында.
Ол 1976 жылы аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет етіп жүргенде алғаш рет қылмыскермен бетпе-бет келіп, кенттегі сауда дүкенін тонаған қаскөйлерді қару қолдану арқылы тұтқындаған. Сондағы ерлігін облыстық, аудандық газеттер жарыса жазған еді. Учаскелік полицей қызметін атқарған епті сержант қарақшылардың арам ойының алдын орап, айласын жүзеге асырмайды. Бұдан басқа аудан орталығындағы қойма тонаушылардың үстінен түсіп мемлекет мүлкіне қол салушыны қызметі кезінде құрықтаған. Спорттың 11 түрінен сынға түсетін көпсайыста аудан абыройын бірнеше рет қорғаған. 2 рет республикалық оқу-жаттығуға қатысып, аға фельдшердің міндетін мінсіз орындапты.
Тағы бір қызық жайт, қармақшылық апалы-сіңілі Назираш пен Маржанның елу алты жылдан кейін табысуына себепкер болғаны. Бірде отставкадағы полиция капитаны Мейрамбек ағамыз жеңіл көлігімен кент орталығында келе жатқанда аяғын сілте басқан әйелді көріп, жолай ала кетуге тоқтайды. Әйелдің аты Роза екен. Жол қысқарсын деп танысып, білісіп, әңгіме өрбітетін қазақ емеспіз бе? Жігіт ағасының қайырымдылық ісіне риза болған ол кісі Мейрамбектің Ақтөбе облысында өскенін естіген соң:
– Сіздің зайыбыңыз Гүлжаһан басшылық ететін мектепте орыс тілінен сабақ беретін Маржан Бақбергенова атты мұғалім бар. Ол 1953 жылы туған апасы Назираш Бақбергенованы көп жылдан бері іздеумен келеді. Кейіннен аты-жөні өзгертіліп, Рая Жалаңқожаева болып жазылып жүргенінен хабары бар. Елу жылдан аса уақыт іздеп барғанымен кездесудің сәті түспейді. Өйткені олар бір-екі жыл ішінде тұрақтарын өзгертіп отырған көрінеді. Сіз айтып отырған Шалқар ауданында да тұрған, жасы өзіңізбен қатарлас болған соң айтып жатқаным ғой, – дейді.
Сегізінші сыныпты Шалқар ауданының «Бозой» ауылында бітірген Мейрамбек ағамыздың көз алдына сыныптасы, орта бойлы, талдырмаш келген қараторы қыз Раяның келбеті тұра қалады. Бойы орташадан төмен саналатын әкесі Қимағамбет болса ауыл орталығындағы жалғыз тұщы құдықтың маторын айдайтын. Ал Рая болса ешқандай мұқтажсыз өсіп келе жатқан қыз емес пе. Бәрі жұмбақ. Мейрамбек жолай көлікке мінген кісіге Раямен бір сыныпта оқығанын, қазір мектепке барып Маржанға жолығатынын айтып жүріп кетті. Солай болды да. Тыныш өмірде бауырын таба алмай жүрген Маржан ағыл-тегіл жылады, өксігін зорға басты. Мейрамбектің мектеп кезіндегі көне сурет альбомынан алып келген суреттерін көргенде тағы да көз жасына ерік берді. Айнымаған өзі сияқты. Міне, ағамыз апалы-сіңілі бауырдың көп ұзамай бірбіріне қауышуына себепкер болған еді.
Қызметіне адал азаматтың біліктілігі арқасында аудан, облыс басшыларынан бірнеше мәрте мақтау алғанын халық біледі. Ерлікті ешкім айтып жасамайды. Ерлік жасау – жігері толысып, жүрегінде оты жанған, елі мен жері үшін, міндеті мен қызметіне адал жандардың қолынан келетін іс. Ермұратовтар отбасы аудандағы үлгілі шаңырақтардың бірі. Ағаның жан-жары Гүлжаһан Мұнарбаева білім саласының үздігі, аудан орталығында No250 мектеп-лицейдің директоры. Ұлдары да әкелерінің абыройлы жолын жалғастырып келеді. Сағыныш пен Жұбанышы әскери салада қызмет етсе, Сүйеніші елордада студент, Алданыш «Айқанат» жоғары мектебінің 11-сыныбын бітіргелі отыр. Ағамыздың табандылығы мұнымен шектелмейді. Сегіз қырлы, бір сырлы сала ардагері түрлі жәдігер (коллекция) жияды. Оның жекежайындағы құнды мұралармен 2-3 жыл бұрын танысып, газет бетіне жариялаған едік. Жетпістің желкенін керген жан бүгінде әлі жігерлі қалпында жігіт ағасындай.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА