» » Қазақстанда энергетика саласы қызметкерлерінің жалақысы артады

Қазақстанда энергетика саласы қызметкерлерінің жалақысы артады



Энергетиктердің еңбекақысын көтеру бағытында бірқатар шара қабылданып жатыр. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов мәлім етті.
«Өткен жылы энергия өндіруші ұйымдар электр қуатын өндіруге шекті тарифті түзету кезінде өндірістік жұмысшылардың жалақысын арттыру бойынша шара қабылдады. Ол бойынша еңбекақыны 15% көбейту көзделген. Сонымен қатар табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясын өндіру тарифінде еңбекақы төлеу қорын жыл сайын 4% өсіру қаралған. Осыған байланысты 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖЭО өндірістік қызметкерлер жалақысының орташа өсімі – шамамен 10% « , – деді Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында .
Үкімет басшысының айтуынша, Энергетика министрлігі, электр энергетикасы қауымдастығы және салалық кәсіподақтар атынан жұмыс берушілер арасында қол қойылған 2022-2024 жылдарға арналған салалық келісім шеңберінде энергетика саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыру көзделіп отыр.
«Сондай-ақ, табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган жылдық статистикаға сүйене отырып, экономикалық қызмет түрлері бойынша өңірлер бөлінісінде өндірістік және әкімшілік-басқару қызметкерлерінің орташа айлық жалақысын айқындау жөніндегі талапты белгілеу бөлігінде тариф қалыптастыру қағидаларына өзгерістер енгізу мәселесін қарастырып жатыр» – дейді ол.


02 мамыр 2022 ж. 822 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 988
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031