Қаржы пирамидасына алданған халықтың ақшасы қалай қайтарылады
Ішкі істер министрлігі вайнерлер жарнамалаған қаржы пирамидаларынан тәркіленген мүлікті жариялады, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділовтың айтуынша, "Astex.kz" ЖШС, "ACD technology" ЖШС және "Mudarabah Capital" ЖШС қатысты қылмыстық іс аясында экономикалық және бухгалтерлік сот сараптамалары тағайындалды."Жәбірленушілерге келтірілген материалдық залалды өтеу мақсатында тергеуші күдіктілер мен олардың туыстарының атына тіркелген Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында және Алматы облысында орналасқан мүлікке - 4 жер учаскесі, 10 пәтер, 5 жеке үй, 2 автомобиль, 1 дүкен және компанияның барлық есеп айырысу шоттарына тыйым салынды", - деді Әділов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Бас тергеушінің айтуынша, тәркіленген мүлік бағаланады. Одан кейін соттың шешімімен таратылады.
Айта кетері, осы қылмыстық іс бойынша 14 адам күдікті деп танылды. Олардың ішінде танымал блогерлер мен вайнерлер де бар.
Тергеу материалдарына сәйкес, "ASTEX.KZ" ЖШС, "ACD technology" ЖШС және "MUDARABAN Capital" ЖШС лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалары 2019-2021 жылдар аралығыңда ақшаны мемлекеттік сатып алуға саламыз деп, халықтан ақша жинаған.
Фирмалар әр салымшыға ай сайын салынған соманың 20% төлеуге уәде еткен.
Сонымен қатар, "ASTEX.KZ" ЖШС-не 160 салымшыдан 1 миллиард теңгеге жуық қаражат оның агенттік компаниясы "MUDARABAN CAPITAL" ЖШС арқылы түскені анықталды.
Сондай-ақ, басқа компаниялар да анықталды, олар арқылы салымшылардан ақша ағындары "ASTEX.KZ" ЖШС мен "ACD technology" ЖШС-не беріліп отырды.