» » Мұғалімдердің басын қосқан семинар

Мұғалімдердің басын қосқан семинар

Жыл сайын еліміздің білім саласында жаңа реформалар орын алып жатады. Биылғы оқу жылы да педагогтар қауымы мен оқушылар үшін өзгерістерге толы болды. Себебі, бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Осы орайда, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз. Орта білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс» деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық  деңгейге өту қажеттігін арттыруда екені түсінікті.
Алайда, олардың өз нәтижесін беретіндей етіп іс барысына енгізу үшін тәжірибе алмасудың маңызы зор. Осыған орай, № 275 мектепте аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
Семинар мақсаты - мұғалімдерге жаңартылған білім беру  мазмұны жағдайында оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпарат беру, педагогикалық тәжірибені жетілдіру, педагогтардың практикалық дағдыларын қалыптастыру және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.
Семинар жұмысына Қармақшы ауданы, Төретам кенті, Ақай ауылы мен қала мектептерінің мұғалімдерімен және директордың бейінді жұмыстар жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Ұйымдастырылған семинарды  мектеп директоры –Берден Калмаханов Игенбайұлы ашып, оның өткізілу мақсатымен таныстырды. Содан соң сөз алғанаудандық білім бөлімінің әдіскері – Тәжігүл Әбенова мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы үлкен үміт және салмақтысын, ол мұғалім алдына – жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдануда жоғары жауапкершілікті қажет ететіндігін атап айтты.
Семинардың ашылуынан соң, мектеп психологы–Гүлшарад Куанышқызы қатысушы мұғалімдермен  «Жаңашыл ұстаз – жаңғыру аймағында» тақырыбында психологиялық жігер беріп, жағымды көңіл-күйдің қалыптасуын көздейтін тренинг жүргізді. Тренинг барысында, мұғалімдер оқытудың жаңа бағдарламасын тәжірибеге енгізудің тиімді жолдарын  қарастырып, өзара тәжірибе алмасып, өздерінің маңызды ойларымен бөлісті.
Сондай-ақ, семинар кезінде, жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу процесін нормативті құжаттарға сай жүргізу маңыздылығы мен сабақты тиімді жоспарлау, критериалды бағалауды жүргізу тәртібі туралы таныстырылымдар көрсетіліп, арнайы көрме ұйымдастырылды.
Аталмыш семинар аясында, мектептің тәжірибелі ұстаздары – Р.Сандибаева, Б.Калмаханова, Д.Жалгасбаева, Ж.Корғанбаева Қ.Жалғасбайқызы және Б.Кенжеалива жоғары деңгейде үлгілі ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстарын өткізді.
Ал мектеп психологы –Гүлшарад Есенбаева  мектептіңата-аналарымен «Бірлік биікті бағындырады» тақырыбындағыпсихологиялық сағат жүргізді. Бұл шараға белсене қатысқан барлық ата-аналар берілген барлық жұмыстарға қызығушылық танытып,  өз ризашылықтарын, тілектерін және ұсыныстарын кері байланыс арқылы білдірді.
Семинардың соңы мектеп тренері–А.Түлкібаеваның рефлексиясымен  қорытындыланды. Бұл кезеңде барлық қатысушы мұғалімдер көкейкесті сұрақтарын ортаға салып, пікірлерімен және семинардан алған әсерлерімен бөлісті.
Мұндай аудандық деңгейдегі семинарлар білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру бағытында әдістемелік көмек ретінде  берері мол.
 
Г.Қожағұлова
№275 орта мектептің
бейінді жұмыстар жөніндегі орынбасары .
12 сәуір 2018 ж. 2 390 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031