» » Пәндік олимпиада пәрмені

Пәндік олимпиада пәрмені

Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін көптеген жұмыстар жасалуда. Солардың ішінде озат оқушылар арасында ғылыми пәндер бойынша өткізілетін пәндік олимпиадалардың орны ерекше. Бұл олимпиадада мектеп оқушылары жаратылыстану-математикалық бағытта және әлеуметтік-гуманитарлық бағытта 9-11 сынып оқушылары білімдерін көрсетеді. Жалпы пәндік олимпиадалар мектеп оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттырумен бірге, олардың білімін бағалаудың әділ жолы.
– Республикалық олимпиаданың аудандық ІІ кезеңі Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде өтті. Аудан бойынша білім беру бөліміне қарасты барлық ұйымнан 724 бала бақ сынады. Пәндік олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Теориялық білім мен практикалық дағдыларын тереңдету. Сондай-ақ дарынды балаларды анықтау. Білім сайысында топ жарған жеңімпаздар облыстық кезеңге қатысады. Ал облыс­тан үздік шыққандар республикалық олимпиадада аудан намысын қорғайды. Егер бағы шауып республикадан да топ жарса, халықаралық олимпиадаға қатысып, шетел университеттеріне тегін түсуге мүмкіндік алады. Сондықтан да бұл олимпиаданың оқушы үшін маңызы зор, – дейді аудандық білім бөлімінің әдіскері Мөлдір Нұрмұратқызы.
Жыл сайынғы дәстүрмен жалпы білім беретін пәндерден 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың ІІ аудандық кезеңі 14-22 ақпан күндері өткізілді. 14 пән бойынша өтетін білім сайысында санитарлық талаптар қатаң сақталды. Сондай-ақ, биыл пәндік олимпиада жаңа форматта, яғни «Бір оқушы – бір компьютер – бір камера» қағидасымен ұйымдастырылған. Оқушылар тапсырманы www.okulyk.kz платформасында орындайды. Олимпиаданың тапсырмалары «Дарын» РҒПО интернет ресурсы арқылы әр кезеңнің басында бір уақытта ұсынылады және сол тапсырмаларға әрбір қатысушыға жеке қол жеткізу коды беріледі. Олимпиаданы өткізудің ашықтығы мен академиялық адалдығын бақылау үшін «Adaldyq alańy» жобасы аясында «үшінші тұлғаларға» қатысуға мүмкіндік берілген. Сонымен қатар іс-шараның ашықтығын және ака­демиялық адалдығын сақтау мақ­сатында өту процесін онлайн режимде қарау үшін бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілді. Білім додасына оқушылар пәндер бөлінісі бойынша уақытпен кіргізілді. Оқушылардың жауап парақтары сканерленіп, Орталық қызметкерімен шифрланды. Сканерленген жұмыстардың көшірмесімен аудандық, қалалық білім бөлімдері және «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ресми сайтында сілтеме арқылы кез келген тұлға таныса алатындай жарияланды.
– Ғылыми білім – біздің басты қазынамыз. Ал пәндік олимпиада – оқушылар үшін үлкен мүмкіндік. Биік шыңдарға шығатын алғашқы қадам. Әрбір жас Елбасымыздың «жастар жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады» деген қағиданы берік ұстанса, ол елдің ертеңі жарқын болмақ, – дейді оқушылар.
Олимпиаданы өткізу барысында адалдық сапасын бақылауға алған тұлғалар тәртіп бұзатын олқылықтар болмағанын алға тартуда. Ал біз өңірден оза шауып, облыстық кезеңге жолдама алған оқушылардың озат атануына тілекшіміз.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ

26 ақпан 2022 ж. 1 142 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 272

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 369

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930