Құрылтай
» » Қызылордада республикалық пәндік олимпиаданың қалалық, аудандық кезеңі басталды

Қызылордада республикалық пәндік олимпиаданың қалалық, аудандық кезеңі басталды



Бүгін Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен облыс бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиаданың қалалық, аудандық кезеңі бастау алды.
Білім бәсекесінің аудандық, қалалық кезеңі жаратылыстану-математика, қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы 14 пән бойынша санитарлық талапты қатаң сақтай отырып, офлайн форматта өткізілуде.
Олимпиаданың бүгінгі алғашқы күнінде облыс көлемінде 9-11 сынып бойынша барлығы 5 510 оқушы биология және информатика пәндерінен бақ сынауда.
Биылғы олимпиаданың басты ерекшелігі оқушылар «1 оқушы, 1 компьютер, 1 камера» қағидасы бойынша «Oqylyq.kz» платформасы арқылы жүргізілуде. Сонымен қатар олимпиада кезінде ашықтық пен академиялық адалдықты бақылау үшін мүдделі емес «үшінші тұлғалар», яғни «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің қызметкері, ата-аналар комитетінің өкілдері, журналистер, ғалымдар шақырылды.



14 ақпан 2022 ж. 666 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 608
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 072

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31