» » Блок бекеттердегі әскери қызметшілер қырағылық танытуда

Блок бекеттердегі әскери қызметшілер қырағылық танытуда

Қызылорда гарнизонының әскери қызметшілері Қызылорда қаласының кіре берістеріндегі блок бекеттерде қызметтерін жалғастыруда.
Қызылорда гарнизонының әскери қызметшілері құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлесе отырып, қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен бақылау-өткізу режимін бірлесіп қамтамасыз етуде. Төтенше жағдай кезіндегі бірлескен іс-қимылдардың арқасында қаладағы жағдай тұрақталды. Басты мақсат – ел азаматтарының қауіпсіздігін сақтау.
– Төтенше жағдай кезінде жауынгер қаруластарыммен бірге тәулік бойы қала аумағындағы бекеттерде бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудеміз. Бұл менің Отан алдындағы міндетім және азаматтық борышым деп білемін. Ел әскерлері барда Тәуелсіздігіміз тұғырлы болатынына сенемін, – дейді топ командирі аға лейтенант Нұрзат Орынбаев.
Төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге жұмылдырылған әскери қызметшілер орналасқан жерде барлық жағдайлар мен медициналық қамтамасыз ету ұйымдастырылған.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант  Мұхит Қонаров

18 қаңтар 2022 ж. 743 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 007
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 622

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031