» » Ауданда 4 блок-бекет қойылды

Ауданда 4 блок-бекет қойылды

Елімізде орын алған соңғы оқиғаларға байланысты 5-19 қаңтар аралығында елімізде төтенше жағдай режимі жарияланды. Төтенше жағдай кезінде негізгі шаралар мен шектеулер бекітілді. Сағат 23-00-ден 7-00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді.
Осыған сәйкес, Қармақшы ауданының полиция бөлімі халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету жөнінде барлық қажетті жедел шараларды қабылдауда.
2022 жылғы 7 қаңтардан бастап аудан аумағында 4 блок-бекет қойылды. Жосалы кентіндегі 2 блок-бекетте 3 ауысым бойынша 4 адамнан 12 қызметкер, Төретам кентіндегі 2 блок-бекетте 4 ауысым бойынша 12 қызметкер, жалпы 26 тәртіп сақшысы блок бекеттерді үзіліссіз бақылауда.
Блок-бекеттерде автокөліктердің жүксалғышы тексеріледі. Онда күдікті, заңға қайшы келетін заттар қаралады. Жүргізуші де құжаттарын көрсетіп, заңбұзушылығы жоқтығы анықталғанда ғана блок-бекеттен өте алады.
12 қаңтар 2022 ж. 689 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 994
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 224

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031