» » Елбасы Қазақстан халқына үндеу жасады

Елбасы Қазақстан халқына үндеу жасады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жасады, деп хабарлайды elbasy.kz сайты.
Құрметті отандастар!
Ардақты ағайын! 2022 жыл халқымыз үшін күрделі де қатерлі сынақтан басталды.
Баршаңызға мәлім, ұйымдасқан экстремистік топтар елімізде жаппай тәртіпсіздік орнатып, террористік шабуыл жасады.
Соның салдарынан бейбіт тұрғындарымыз зардап шекті.
Қасіретті оқиға кезінде қаза болғандардың жақындары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын.
Лаңкестер елдігіміз бен егемендігімізге, тыныштығымыз бен тұтастығымызға қауіп төндіріп, жұрттың берекесін қашырды.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шұғыл шешімдерінің арқасында ел іргесі сөгілген жоқ.
Мемлекет басшысын қолдау – баршамыздың азаматтық борышымыз.
Ендігі кезекте осы оқиғадан сабақ алып, мұндай бассыздыққа жол бермеуге тиіспіз.
Бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде атқарған істеріміз аз емес.
Қазақстан әлемге танылған еңселі елге айналды.
Ұлан-ғайыр шекарамыз түбегейлі бекітілді.
Елімізде іргелі реформалар жүзеге асып, Орталық Азияда көш бастадық.
Еуразия жүрегінде, Сарыарқа төсінде жаңа астанамыз бой көтерді.
Бірлік барда ешбір жау сағымызды сындыра алмас.
18 қаңтар 2022 ж. 430 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 826
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 514

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930