Құрылтай
» » Сыр ақындары антологиясының тұсаукесері өтті

Сыр ақындары антологиясының тұсаукесері өтті


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттер сарайында «Сыр сандық» атты жас ақындар антологиясының тұсауакесер рәсімі өтті.
Іс-шараға ақын, облыстық мәслихат депутаты Шәкизада Әбдікәрімов, облыстық мәслихат депутаты Мағжан Ералиев, айтыскер ақын Серік Ыдырысов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Шанжархан Бекмағамбетов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ректорының кеңесшісі Жандос Базартай қатысты.
Өңірдің шығармашыл жастарының тың туындылары топтастырылған жинақтың шығуына «Сыр үміті» жастар қауымдастығының төрағасы Мағжан Ералиев демеушілік жасаған. Таралымы – 500 дана. Жинаққа 70 адамның топтама өлеңдері енген.

19 желтоқсан 2021 ж. 871 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31