» » Тағы қымбаттайды: Елімізде сұйытылған газдың бағасы аспандап кеткен

Тағы қымбаттайды: Елімізде сұйытылған газдың бағасы аспандап кеткен

Солтүстік Қазақстан облысында көгілдір отынның құны бір-ақ түнде литріне жиырма теңгеге көтерілді. Қазір газ мұнда 130 теңге тұрады. Тұрғындар 1,5 ай ішінде 52 теңгеге қымбаттаған газдың құны осылай өсе берсе, сұйытылған газдан бас тартуға тура келетінін айтады. Ал энергетиктер проблеманы шұғыл шешудің орнына бағаның әрі қарай да қымбаттай беретінін айтады. Бұл туралы 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасы. 


Ала таңнан бері бірнеше газ бекетін аралап, көлігіне көгілдір отын құя алмай жүргендердің бірі –  Михаил Филиппов. Оның сөзінше, бекеттердегі сұйық отынның бағасын көргенде "шалқасынан түсе" жаздапты. Кеше ғана 110 теңге тұрған газдың бір литрі бір түннің ішінде 20 теңгеге өскен.
“Солтүстікте наннан бастап бәрі қымбаттап жатыр. Солярка, бензин, енді міне газ. Менің ойымша, газ бен бензиннің бағасын теңестірмекші. Қаншама байлықтың үстінде отырып өзіміз соған жарымаймыз. Сонда ондай байлықтың не керегі бар?!” –  дейді тұрғын Михаил Филиппов.
Еліміздің солтүстігінде қыркүйекте ғана газдың бағасы 78 теңге тұрса, қазір көгілдір отынның бір литрі – 128 теңге, кей жерлерде 130 теңгеден сатылып жатыр. Яғни қырық күннің ішінде газдың бағасы бірден елу теңгеге қымбаттаған. Тұрғындар көрші Көкшетау мен Қостанай қалаларында 80 теңгеден аспайтын газдың бір литрі неге Петропавлда екі есе қымбат екенін түсінбейді. Бұлай жалғаса берсе, газ бағасы бензиннен де қымбат бола ма деп қорқады. 
“Газдың бағасы бізде ғана осылай. 120-130 теңгеден сатылып жатыр. Бізден 200 шақырым жердегі Көкшетаудың өзінде екі есе арзан. Ал бізде неге олай? Кім себебін түсіндіреді?!” – дейді тұрғын Николай Пипко. 
Ал энергетиктер қымбатшылықтың себебін "Теңізшевройл" компаниясының газды сатып алу құнын өсіруінен көреді. Сәйкесінше газдың бір тоннасын 140 мың теңгеге сатып алатын газ құю бекеттерінің қожайындары, одан арзан бағаға сата алмайды дейді. 
“Энергетика министрлігі бізге жеңілдетілген бағамен 1700 тонна газ бөлді. Бірақ бізге бұл жетпейді. Бір айда 5 мың тонна газ тұтынамыз. Сондықтан қалғанын газ бекеттері электрондық саудада қымбат бағаға сатып алып жатыр”, – дейді  СҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы Ерлан Қайырбеков. 
Бұдан өзге, Үкімет биылғы наурыздан бастап газдың бағасын еркін айналымға жіберген. Яғни баға бақылаусыз болғаннан кейін газ қымбаттап жатқанын айтады. Сондықтан желтоқсан айында газ бағасы тағы да өсетінін жасырмайды. 
03 қараша 2021 ж. 445 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031