» » Қаржы министрлігі электронды темекі импортына шектеу қоюды ұсынды

Қаржы министрлігі электронды темекі импортына шектеу қоюды ұсынды

Қаржы министрлігі электронды шылым импортына шектеу қоюды ұсынғын. Бұған дейін Денсаулық министрлігі электронды шылым құрылғысының техникалық талаптарын күшейту керектігін айтқан болатын, деп хабарлайдыКТК арнасының жаңалықтар қызметі. 

электронды шылым
"2021 жылдың сәуірінен бастап тауарларды таңбалау жүріп жатыр. Бұл электронды темекі айналымын бақылауға мүмкіндік береді. Қазір проблемалы сұрақ бар, бұл – жауапкершілік орнату. Жақын арада электронды темекі импорты үшін жауапкершілік енгізу мәселесін ұсынғалы отырмыз. Денсаулық сақтау министрлігі мұндай шылымдардың айналымын шектеу үшін арнайы қойылатын талаптарды күшейтпекші", - деп мәлімдеді Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл.
Құжат мемлекеттік органдарға мақұлдауға берілген, алайда шенеуніктер нақты мәлімет айтпады. Қазір бір реттік электронды шылымға толық тыйым салу мәселесі де қаралып жатыр. Айта кету керек, елімізде темекі қыздыруға арналған кез келген құрылғы қарапайым шылымға теңестірілген. Мамандардың айтуынша, құрылғылар денсаулыққа кері әсер етеді және тәуелділікке алып келеді екен. 
29 қазан 2021 ж. 652 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 257
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 136

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031